06.02.2023ж. мектебімізде "Жарқын болашақ иесі - Жас маман" атты тақырыпта жас мамандар апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталықтың мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу. Жас маман апталығы 10 күнге жоспарланғандықтан, өткізілетін сайыстардың кезеңдері де әр күнге белгіленіп отыр. Бүгінгі сайыста Жас мамандар "Таныстыру" кезеңі бойынша екі топқа бөлініп («Сыр жастар» тобы, «Мағжан жастары» тобы) , өз бақтарын сынады. Бірінші кезеңде екі топтың ұпай сандары қатар келе жатыр. Жас ұстаздарға сәттілік тілейміз!