1 қыркүйек күні– Білім күні. Мектебімізде мерекеге орай «МЕКТЕБІМ - МЕЙІРІМ МЕКЕНІМ» тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Өз кезегінде мектеп директоры Абашова Айнұр Құрманғазықызына сөз беріліп, шәкірттерімізге жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Мерекелік шараға «Аманат» партиясының жетекшісі, мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы -Алдабергенов Абунасыр Сатыбалдыұлы, №1 қалалық аурухана бас дәрігері, қалалық мәслихат депутаты – Төлеген Бауыржан Төлегенұлы қатысып, оқушыларымызға жылы лебізін білдірді. Мерекелік жиын мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды.