№8 П.Д.Осипенко атындағы орта мектебінің 11 - сынып білім алушыларының ата - аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыстағы күн тәртібінде, 2023 жылғы ҰБТ-дің жаңа форматы және 11 - сынып білім алушыларының емтиханға және ҰБТ-ге дайындығы туралы мәселелер көтерілді.
2023 жылғы ҰБТ-дің жаңа форматы бойынша, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Рекрутинг мансап» басқармасының басшысы – Оразмахан Жандос Шынжырбайұлы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ата-аналар мен оқушылардың сұрақтарына толықтай жауап берілді.
Және де 11 - сынып білім алушыларының емтиханға және ҰБТ-ге дайындығы туралы мәселелер төңірегінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары – Есетова Жанар Амангелдіқызы өз сөзінде, Мемлекеттік емтиханды тапсыру ережелеріне тоқталып өтті. Және де қазан айынан бастап алынған әрбір тесттің қорытындысы бойынша слайд арқылы таныстырып өтті. Негізгі және таңдау пәндерінен қосымша сабақ беріп, дайындап жатқан мұғалімдермен таныстырып, сапасы төмен көрсеткішпен отырған оқушылардың ата - аналарына тоқталып өтті.
Алдағы болатын, Мемлекеттік емтиханнан сүрінбей өтіп, ҰБТ - ден жоғарғы балл жинауларына тілек білдіріп, ата-аналар ризашылықтарын айтып тарқасты.