18 қаңтар күні математика пән мұғалімі Ә.Дүйсенова 5 «А» сыныбында «Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: ондық бөлшектерді оқу және жазу ережені пайдаланып оларды сипаттап беру болатын.Сабақ барысында Wordwall “Сәйкестендіру» тапсырмасы, « Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау болды. Топтық жұмыс «Tarsia» әдісі, жұптық және жеке жұмыстар алынды.Оқушылардың қызығушылығы бар тиімді әдіс тәсілдер қолданылды.Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында. «Еркін микрофон» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін,өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасады.