18 сәуір 2022 жылы П.Д.Осипенко атындағы № 8 орта мектебінде "Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың психологиялық- педагогикалық қолдау жұмыстарын ұйымдастыру" атты облыстық семинар өтті. Мақсаты: барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға құқығын жүзеге асыру. Семинарға жалпы барлық аудандардан мамандар келді. Сонымен қатар, оқу орталығынан, қалалық білім бөлімі, облыстық білім басқармасынан да жауапты мамандар қатысты. Семинар барысы биылғы оқу жылындағы әдістемелік нұсқау хаттағы түрлі жобаларды негізге ала отырып, "Мектеп театры", "Мектеп парламенті", "Оқуға құштар мектеп жобасы" және "Рухани жаңғыру" аясында жұмыстар көрсетілді. Жаңа технологиялар бойынша Pecs карточкасымен жұмыс, "Weather" ерекше оқуды қажет ететін оқушылардың қатысуымен ағылшын тілі сабағы 3Д кітапша түрінде жасалды және шеңбер, wordwall электронды бағдарламар, Flipplity бағдарламасымен топпен, жұппен, жеке жұмыстар көрсетілді.. "Kahoot" бағдарламасы арқылы ерекше оқуды қажет ететін оқушылардың қатысуымен интелектуалды ойын ұйымдастырылды. "Ата-ана алақаны балаға саялы бақ" атты ерекше оқуды қажет ететін оқушылар және олардың ата-аналарымен жұмыс көрсетілді. "Біз өмір сүріп жатқан ел" ерекше оқуды қажет ететін оқушылардың қатысуымен жұмыс. "Мы вместе" қатысушы қонақтармен мастер - класс жүргізілді. "Аутизм балаларды қолдау" кабинетімен таныстырылым болды. "Work shop" жұмыстары көрсетілді және мектеп психологтарының түрлі бағыттағы тренингтері ұйымдастырылды. Семинар соңы келген қонақтардың ыстық лебіздерімен және концерттік бағдарламамен аяқталды. Семинарға қатысушы мамандар өздеріне көптеген рухани азық алып, іс- тәжірибе алмасты.