2-3 сыныптарында "Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу - міндет" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты, жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру.