2022-2023 оқу жылының бейінді оқыту жөніндегі жоспар кестесіне сәйкес, үстіміздегі жылдың 20-24 ақпан аралығында мектепішілік апталық ұйымдастырылып, өткізілді. Соған сәйкес, 24.02.2023жылы оқушыларға кәсіби бағдар беруге әр түрлі маман иелерімен кездесу ұйымдастырылды.
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», - деген Ж.Аймауытовтың қанатты сөзі бәрімізге аян.
Оқушыларға бағыт-бағдар беріп, мамандық таңдау мүмкіндіктеріне ықпал ету үшін, елімізге елеулі, халыққа қалаулы өз ісінің мамандарын шақырып, оқушылармен кездесу, пікірлесу отырысы ұйымдастырылды.
Кездесуге келеген қонақтарымызда ризашылықтарын білдіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікіраласып, сұхбаттасып тарқасты.