2022 жылдың 1 қыркүйегі күні П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларымен «Жалпы құқықтық білім беру сабағы» тақырыбында іс-шарасы болып өтті.
Қалалық полиция басқармасынан келген маман Ибайдаев Сабыржан мырза тақырыпқа сай түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бейнеролик пен слайдтар көрсетті.
Балалар құқығын қорғау және балалар арасындағы заң бұзушылықтар туралы ақпарат берілді. Сөз соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Жұмаділдә алдағы уақытта кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық әрекеттерге бой алдырмау мақсатында сала мамандарымен тығыз байланыста болатындығын және мамандарға түсіндірме жұмыстары үшін арнайы алғыс білдірді.