2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа биылғы дәстүрлі бесінші жолдауын жолдады.
П. Д. Осипенко атындағы 8 орта мектеп ұжымыда жолдауды тыңдап, ой түйіндеді. Жолдауда бірнеше ауқымды мәселелер айтылды. Әсіресе білім саласы бойынша ұлт сапасын жақсарту, орта білімнің сапасы табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты әрбір оқушының қолайлы білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау. Сол үшін жайлы мектеп "Ұлттық жобасы" қолға алынды.
Біз 2025 жылға дейін 800000 баланы заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы мектеп салу үкімет және жергілікті әкімшіліктің басты міндеттерінің бірі болу керек. Алаш арыстарының бірі Мыржақып Дулатұлы өз заманында былай деген "Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу. Надан жұрттың күні қараң, келешегі-тұман " деп бекер айтпаса керек.