7-8 сынып оқушыларына «Жол ережесін білу, бәрімізге міндет!» тақырыбында кездесу жиналыс өткізілді. Кездесуге Қызылорда ҚПБ ЖПҚб ППб-нің қызметкері инспекторы полиция капитаны Елғон Нұрбол Жанатұлы қатысты. 7-8 сынып оқушыларына ұйымдастырылған кездесудегі басты мақсат, жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.Кездесу барысында қазіргі таңда орын алып жатқан жол көлік оқиғаларының алдын – алу бағытында ашық әңгімелер, пікірталастар жүргізілді. Сонымен қатар, жол ережелері түсіндірілді.
Қызылорда Қалалық Полиция Басқармасы
ЮП Қызылорда