Ұрпақтарға ұран болған - Ұлы Жеңіс!
П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінде 2023 жылдың 2-5 мамыр аралығында 7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай “Ұрпақтарға ұран болған - Ұлы Жеңіс!” тақырыбында апталық ұйымдастырылып, өткізілуде. Апталықтың жоспары аясында «Бейбіт күн жасасын әлемде!» атты мерекелік шараның ашылуы өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Мерекелік шараның ашылу салтанатында 1- сынып оқушылары мен мектеп директоры және ұстаздардың қатысуымен мектеп ауласында көшет отырғызылып, көгалдандыру акциясы болып өтті.