“Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе - ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде” Ыбырай Алтынсарин
Ағылшын тілі апталық жоспарына сәйкес,
Ағылшын пән мұғалімі Әбдиева Гүлмира Жүргенқызы “Conditionals” тақырыбында 9 “А” сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: грамматикалық тақырып шартты сөйлемді түсіндіріп өмірде қолданыста пайдалана білу. Шартты сөйлем түрлерін анықтай білу, саралап оқыту деңгейіндегі тапсырмаларды орындау. Сабақ “Genially” платформасында жасалған, оқушылар топтық, жеке жұмыстарды Jeopardlylabs платформасында және кітаппен жұмысты тақтада орындап, дәптермен жұмыс жасады. Сабақ “Plickers” платформасымен бекіту жұмыс жасалып, түрлі әдістермен қызықты өтті.
“Театр сабақтары” жобасы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдері Нәби Жадыра Тілепбергенқызы, Жиренбай Әйгерім Жиренбайқызы, Әбсадықова Ләззат Қайратқызы 6 - 7 сынып оқушылары арасында “Snow White and Seven Drawfs” атты қойылымын көрсетті. Қойылымның мақсаты: оқушыларға ертегілер туралы түсінік беріп, қиялы мен қабілетін жетілдіру. Сондай-ақ, сөздік қорын байланыстырып, жағымды, жағымсыз қасиеттерді ажырата білуді үйрету. Оқушылар қызығушылықпен белсене қатысып, Дипломдармен марапатталды.
"Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Білімнің салтанат құруы» бағытының негізгі міндеттерінің бірі - азаматтардың білім деңгейін арттыру болып табылады. Осы орайда 7 "А" сыныбы оқушыларының арасында кітап оқуды насихаттау үшін, үздіксіз көркем әдебиет оқу - рухани даму дағдысын қалыптастыру мақсатында ағылшын тілі пән бірлестігінің мұғалімі А.А.Камалатдиннің ұйымдастыруымен READx жобасы өтті. READx – бұл оқырмандарды шабыттандыру алаңы, мұнда жасы мен беделіне қарамастан қатысушылар өз ой толғаулары мен жиып-тергендерін ортаға салады. READx жобасының ұраны «Оқуға ұмтыл!». Кітапханалық READx жобасының форматы, кітап оқуды насихаттайтын дәстүрлі және заманауи тәсілдерінің бірігуі. Жобаға оқушылар, ұстаздар,мектеп педагогтары мен қызметкерлері қатысты. Әр спикердің оқыған әдебиеттері бойынша талқыланды. Мұндай жоба әсіресе, оқушылардың әлеуметтік желілерде, компьютер мен теледидар алдында уақытты босқа өткізбей, кітап оқуға шақырады. Жобада "The magic garden of the poor" халық ертегісі талқыланды. Оқушылар оқыған ертегісін талқылап, сұрақтарға жауап беріп, көрермендермен де ойындар ойнатылды.READx жобасының нәтижесі ретінде, іс-шара аяқталғаннан кейін оқушылар мен оқытушылар өзін қызықтырған әдебиеттерді оқуға алды.Сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.