П.Д. Осипенко атындағы 8-орта мектебінде 2024 жылдың 11-15 қараша аралығында мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес ағылшын тілі пәні бірлестігінде ашық сабақтар өтілуде. Ашық сабақтардың өткізілу мақсаты - оқушылардың пән бойынша білімдері мен пәнге қызығушылықтарын, ЕББҚ бар балалардың ынталарын, даму ерекшеліктерін, пән мұғалімдерінің әдістемелік-шығармашылық ізденістерін бақылау.
Мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Әбдиева Гүльмира Жүргенқызы 2024 жылдың 11 қарашасында 7 «А» сыныбында Present Perfect тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты - Present Perfect шағын хабарлы, болымды сөйлемдерде қолданылуын түсіну және оны қолдану, алған білімді қолданып жаттығулар жазу.
Сынып топқа бөлініп, «Сәлемдеме» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа сілтеме жасалып, сабақ барысында білім алушылар тақырыпқа сай жүйеленген тапсырмаларды топтық, жұптық және жеке жұмыстарды «Flippitynet», «LearningAPPs», «Plickers» платформалары арқылы орындады.
Сабақ өткен сабақпен, өмірмен және пәнаралық байланыстырылған. Сабақта тілдік тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары қамтылды.