Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Д.Қонаев 25
8-7242-27-80-04
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебі
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебі» КММ
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/osipenko8.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Тәуелсіздік-ұлттық өрлеудің ұлы күші. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтардағы « Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында2023 жылдың 23 қаңтары мен 3 ақпаны аралығында «Алаш зиялыларының мұрасы және Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары» тақырыбындағы іс-шаралар онкүндігіне қазақ тілі мен әдебиеті әдіс бірлестігінің де үлесі болды.
Қазақ әдебиетінің Абайдан кейінгі асқарлары, қазақ өмірінің шындығын жырлаған, өз заманының рухын, тұтас бір кезеңнің келбетін көрсете білген Алаш зиялыларының ұрпаққа қалдырған тағылымды ғибраты - өшпейтін дүние.Осы орайда, «Педагогикалық шеберлік- ол даналықты жүректен ұға білу» болып табылатынын дәлелдеген ұстаздар жоспарға сай жұмыстарын көрсетті.
• Ғ.Мүсіреповтің туғанына 120 жыл:«Ана- сарқылмайтын күш» /эссе байқауы/
• “Қазақ зиялыларының мұрасын қалай көтереміз?" /Менің үлесім-дебат/
• «Артық білім - кітапта».Алаш зиялыларының кітаптары мұғалімдер қолында...
Эссе-заман талабы. 5-6 сынып оқушылары арасында жазушы жауһарлаған аналардың сарқылмайтын күші мен тынысын дәріптеп, ең сұлу тілде сиқырлы , бай тілдерімен «толқынын жүрегінің хаттай танытып» жазып шығыпты. Жоғары бағалауға ұсынылған шығармалар марапатқа ұсынылды.
П.Осипенко атындағы №8 орта мектептің 5 сынып оқушылары арасында «Қазақ зиялыларының мұрасын қалай көтереміз?» тақырыбында дебат өткізілді. Пікірталаста тақырып ортаға тасталып, команда мүшелерінің қызу талқысы дүлдүл сөздердің дәлелдемесімен аяқталды.
Мектеп ұстаздары бұған дейін де оқушылардың ой-танымын кеңейту мақсатына түрлішараларды ұйымдастырып келеді. Дебат сайысы - тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, өз көзқарасын ашық білдіруге, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, кеңінен танытуға үлкен көмек.
Қазылар алқасы дебат ережесін сақтап, сөйлеу шеберлігімен көзге түскен 5«Б» сыныбынан жасақталған «Қыран» тобын үздік деп бағалады. Олардың қарсыласы 5«А» сыныбынан құралған «Алаш» тобының да сайыс барысында айқын көзқарас ұстанғандарын ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, ұстаздарға ұсыныс- хат жолданып, Алаш зиялыларының кітаптарына шолу жасау арқылы «Ең қызықты туынды» деп таныған шығармаларын ұсыныс ретінде беру жүзеге асырылды Ұстаздарға ұйымдастырушылар : «Сіз ұсынған туынды шәкірттердің шамшырағын жағады»,- деп сенім білдірді.