Тәуелсіздік - ұлттық өрлеудің ұлы күші. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтардағы "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласы аясында 23 қаңтар мен 3 ақпан аралығында "Алаш зиялыларының мұрасы және Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары" тақырыбындағы іс-шаралар онкүндігіне тарих әдіс бірлестігінің де үлесі болды.
2023 жылдың 30 қаңтар күні П.Д.Осипенко атындағы 9 сынып оқушыларының арасында суреттер әлемі - "Алаш қайраткерлерінің шығармаларын қылқаламмен суреттеймін" тақырыбында Алаш зиялыларының ұрпаққа қалдырған тағылымды, ғибратты - ғибраты өшпейтін дүниені сақтау үшін өткізілген іс-шара нәтижесінде ұшқыр ойымен шығармалардағы кейіпкер бейнесін ақ парақ бетіне түсіріп, жеңіске жеткен 9"А" сынып оқушысы Үмбетқұлов Батыржанды І орынды, 9"Б" сынып оқушылары Курманбаева Жанельді ІІ орынды, Самат Гүлназды ІІІ орынды иемденуімен құттықтаймыз! Қаламдарың ұштала берсін!