П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі А.А.Камалатдин 4"А" сыныбында "Treasure and numbers" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: екі және үш таңбалы сандардың оқылуын, жазылуын үйрену. Мекен пысықтауыштардың қолданылуын, орын тәртібін үйрену.
Пәнаралық байланыс: математика.
Сабақ барысында төмендегі әдіс-тәсілдер қолданылды:
- "Көрнекілік әдісі" арқылы өткен сабаққа шолу жасалып, сөздер мен суреттерді сәйкестендірді.
- "Миға шабуыл әдісі" арқылы сабақтың тақырыбын ашты.
- Қағаз қиындылары арқылы екі топқа бөлінді.
- "Түсіндіру әдісі" бойынша екі және үш таңбалы сандардың жазылуы, айтылуы тыңдалым дағдысы арқылы түсіндірілді. Мекен пысықтауыштардың қолданылу тәртібі түсіндірілді. Сөздікті меңгеруден өзін-өзі басқаруға арналған жаттығулар орындады.
- Сергіту сәті - додакаэдрмен "Иә", "Жоқ" ойыны ойнатылды.
Сабақ барысында жеке, топтық, жұптық тапсырмалар орындалып, әр топ "Good job", "Well done", "You are a star", "You are awesome" смайликтермен бағаланып отырды.
Сабақ жүйелі, қызықты өтті.