«Асыл өнердің алып наркомы-Темірбек Жүргенов»
( дөңгелек үстел)
П.Д.Осипенко атындағы № 8 мектепте аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды көсемсөз иесі, сыншы Темірбек Қараұлын еске алуға арналған ауқымы кең шара өтті. Қазақтың бақытты өмірі үшін күрескен қайраткерінің асқақ арманының өміршеңдігі осы кеште көрініс тапты. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы ұстаз Г.Демеуова «Ұлт рухын түлеткен Темірбек Жүргенов» тақырыбындағы өмірбаяндық ақпаратымен таныстырды. Сондай-ақ баяндамашы 11 «А» сынып оқушысы Ермағанбет Ернұр Темірбек Жүргеновтің әлі зерттеле қоймаған тұстарын, қырларын зерделеп, талдап берді. Ал 9 «А» сынып оқушысы өзінің зерттеп жүрген «Жүргенов пен Р. Отарбаевты түйістірген пьеса » атты жобасын
таныстырып, қорғап шықты.
Осы тұста 9 «А» сыныбындағы бірнеше оқушылар арда азамат туралы сұрақтарға жауап беріп, қызу талқыға түсті. Сұрақтар легі шәкірттердің танымын арттырды. Кеш соңы күмбірлеген күй тыңдалып, парасат пайымы болған тұлғаның дара бейнесі дәріптелген көрмені тамашалауға ұласты.