16 ақпан күні П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінде «Ата-аналардың тәрбиесі және жағымсыз әдеттері» тақырыбында 8-11 сынып ата-аналар комитетімен жиналыс болып өтті. Жиналыс барысында ҚР Ішкі істер министрлігімен ұсынылған «Құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту мақсатында есірткінің заңсыз айналымына қатысты», «Синтетикалық есірткінің таралуы және дәріханалық нашақорлық проблемалары туралы» бейнедәрістер көрсетілді. Полиция органымен әзірленген жаднамалар ата-аналарға таратылды.