«АТАМЕКЕН» республикалық диктант
П.Д. Осипенко атындағы №8 орта мектепте 25 қазан – Республика күніне орай 5-10 cынып оқушыларынан «Атамекен» тақырыбында диктант алынды. Диктант мәтіні оқушылардың сынып ерекшеліктеріне байланысты берілді. Мәтін мазмұны мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеу, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, Отанын, туған елін сүюге тәрбиелеуді мақсат етті.