Бүгін 01.06.2023 жылы «П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектептің» жанындағы «Балдаурен» күндізгі тынығу лагерінің ашылу салтанаты өтті. Лагеріміздің мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, індерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, Біз лагерьге барамыз» атты ашылу салтанатына лагерьге тынығуға келген мектеп оқушылары би билеп, ән айтып, өз өнерлерін көрсетті. Лагерьге мектептің директоры Абашова Айнұр Құрманғазықызы өзінің жылы лебізімен бүлдіршіндерді 1-маусым балаларды қорғау күнімен құттықтады.
Іс-шара соңында мектеп асханасының атынан балаларға тегін балмұздақ таратылды.
Күндізгі жазғы тынығу лагеріне оқушылар 5-санат бойынша қамтылды. Әрі қарай жоспарға сәйкес бүлдіршіндер таңғы ас ішіп, лагерьдің ішкі ережелерімен таныстырылып, балалар топқа бөлініп, топ атауы мен топ ұраны таныстырылды. Балалар бір-бірімен танысып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.
Онан кейін жоспар бойынша балаларға түскі ас беріліп, ойын ойнап үйлеріне шығарып салынды.