Бүгін 1 маусым - халыкаралық балаларды қорғау күні. Барлық бала бақытты болу үшін жаралған. Бүгін де қаламыздың барлық жерлерінде балаларға арналған керемет іс - шаралар өтті. Соның бірі қаламыздағы тұңғыш президент паркіндегі асфальтқа сурет салу сайысында оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетті. Балалар салған суреттерін келген қонақтарға түсіндіріп берді. Салған суреттерінен журналистерге сұхбат берді. Өнерлерің өрге жүзсін жас суретшілер!