Татьяна Николаевна 37 жыл педагогикалық өтілін осы ұжымда ұстаздық қызметке арнады. Кеш барысында директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Жамбылқызы, мектебіміздің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Абай Сейілханұлы ыстық ықыластарын білдіріп, марапаттады. Кештің қадірлі қонақтары ардагер ұстаздар Татьяна Николаевнаның жастық шағы, отбасылық өмірі, ұжымда жүріп өткен жолын еске алып, көпшілікке жақсы көңіл-күй сыйлады. Жас ұстаздар кештің жоғары деңгейде өтуіне зор үлестерін қосты.