Бүгінгі «Математика-физика -информатика» онкүндігі аясында ұйымдастырылып отырған «Математикалық квест» ойыны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында «Алаш зиялыларының мұрасы және Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары» тақырыбындағы онкүндікпен қатар келіп отыр.
Сол мақаласында : «Адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа айналады» -деген болатын.
Осыны бізде қолдай отырып,еліміздің өркендеп дамуына біздің қосар үлесіміз нақты ғылымға деген қызығушылығымыз бен ұмтылысымыз деп ойлаймын.
Бүгінгі қатысушы топтарға сәттілік тілеймін.
Білімді және Белсенді болыңдар!