2026 жылдың 8 қаңтар күні П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінде 2025 жылғы мектеп түлектерімен «ҰБТ – болашаққа бастар жол» тақырыбында кездесу өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындықтың маңызын түсіндіру, тәжірибе алмасу және түлектердің нақты кеңестері арқылы оқушыларды ынталандыру. Кездесуге 2025 жылғы мектепті бітірген белсенді түлектер шақырылды. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пән таңдауда, уақытты тиімді басқаруда және психологиялық дайындықта маңызды кеңестер берді. Кездесу барысында оқушылар сұрақтар қойып, ҰБТ-ға қатысты пайдалы ақпарат алды. Мектебіміздің түлегі Калманова Амина оқып жатқан SDU University ректоры Әлімжан Игенбаеватан мектебіміздің ұстаздарына деген шынайы Алғыс хаты келді.
2025 жылы бітірген түлектеріміз:
Калманова Амина (СДУ, қолданбалы филология)
Пердебай Айдана (Есенов университеті, қазақ тілі мен әдебиеті)
Серікқызы Динара (Болашақ, бастауышта оқыту педагогикасы)
Камал Мақсат (КазНУ, финансы)
Ақылбек Еркебұлан (Қорқыт аудармашы)
Измайлов Шадияр (Қорқыт, инженерия)
Мамай Айболат (Қорқыт, инженерия)
Бердіғали Нұрдаулет (Қорқыт.универ кадастр) қазіргі таңда мектеп түлектеріміз осындай жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Шәкірттеріміздің жолдары әрқашан ашық болсын!