Мақсаты: Оқушылардың бойындағы қобалжу, мазасыздану, қорқыныш сезімдерін жою, өз-өзіне сенімділігін арттыру және жағымды көңіл-күйлерін қалыптастыру.
П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінің педагог-психологтары С.Примжанова, А.Алидің ұйымдастыруымен «ҰБТ – болашаққа бір қадам!» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараға Қорқыт Ата атындағы университетінің доценті, психология ғылымдарының кондидаты Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы және Қорқыт Ата атындағы университетінің мұражайы меңгерушісі Доктарант «Болашақ» бағдарламасының түлегі Бекзат Ырза Шәкімұратқызы қатысты.
Шара барысында мектеп директоры Айнұр Құрманғазықы сөз алып, 11 сынып оқушыларына алдағы Ұбт-дан еш қобалжымай, өздеріңе сенімді болыңдар, бұл өмірдің бастамасы, әр қайссыларыңыз өздеріңіздің орындарыңызды тауып, таңдаған бағыттарың дұрыс болу керектігін айтып өтті. Қорқыт Ата атындағы университетінің доценті, психология ғылымдарының кондидаты Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы жоғарғы сынып оқушыларына «Өз-өзіне сенімділіктің 9 қадамы» атты презентациясымен таныстырып,оқушыларға психологиялық кеңестер берді. Қорқыт Ата атындағы университетінің мұражайы меңгерушісі Доктарант «Болашақ» бағдарламасының түлегі Бекзат Ырза Шәкімұратқызы 11 сынып оқушыларына мамандықты дұрыс таңдау керек екендігін,алға мақсат қоя отырып , сол мақсатқа жету жолдарын түсіндіріп өтті. Бітіруші 11 сынып оқушылары келген қонақтарға алғысын білдірді.