Желтоқсан айының он сегізі күні мектеп психологтары Пірімжанова Салтанат пен Әли Айгүлдің ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларына арналған «ҰБТ-ға сеніммен барайық!» атты психологиялық тренинг өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың өзін тану арқылы өзіндік бағалауын қалыптастыру, стресті жеңуге жолдарын көрсету.
Тренинг сергіту сәтімен басталып, оқушылармен бірге түрлі жаттығулар жасалды. Оқушылардың жарқын сәттері мен қауіп-қатерлерін анықтау үшін «Екі баған» әдісі қолданылды. Сонымен қатар, «Әрбір бала бір жұлдыз» жаттығуы барысында оқушылар ақ параққа жұлдыздың суретін салып, оны психологтар бағалады. Тренинг «Армандар орындалады» жаттығуы арқылы қорытындыланып, оқушылар ұстаздарға алғыс айтты.