Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Д.Қонаев 25
8-7242-27-80-04
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебі
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебі» КММ
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/osipenko8.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Желтоқсан айының он сегізі күні мектеп психологтары Пірімжанова Салтанат пен Әли Айгүлдің ұйымдастыруымен 11 - сынып оқушыларына арналған «ҰБТ-ға сеніммен барайық!» атты психологиялық тренинг өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың өзін тану арқылы өзіндік бағалауын қалыптастыру, стресті жеңуге жолдарын көрсету.
Тренинг сергіту сәтімен басталып, оқушылармен бірге түрлі жаттығулар жасалды. Оқушылардың жарқын сәттері мен қауіп-қатерлерін анықтау үшін «Екі баған» әдісі қолданылды. Сонымен қатар, «Әрбір бала бір жұлдыз» жаттығуы барысында оқушылар ақ параққа жұлдыздың суретін салып, оны психологтар бағалады. Тренинг «Армандар орындалады» жаттығуы арқылы қорытындыланып, оқушылар ұстаздарға алғыс айтты.