ЖЕҢІС! – табандылықтың жемісі!
Бала мектепке емес, мектеп балаға және оның қажеттілігіне қадам жасайды.
2022 жылдың 30 қараша күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Менің қолымнан бәрі келеді» атты ІІ облыстық олимпиадасы өткізілді. Облыстық байқаудың негізгі мақсаты ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың математика мен грамматика бойынша толыққанды теориялық білімдері мен қабілеттерін саралау болатын.
Осы орайда, Қызылорда қаласындағы П.Д.Осипенко атындағы № 8 мектептің 6 «А» сынып оқушысы Сражаддин Арафат жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады. Шәкіртке саналы білім беруде математика пәнінің мұғалімі әрі сынып жетекшісі Дүйсенова Әсия Орынбайқызының еңбегі орасан зор.Ұстаздың шәкірт қабілетін ашудағы шығармашылық сара жолына кенен табыстар мен қажыр-қайрат тілейміз!