Жеңіс- жарылған жанартау! 9 мамыр - жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген күн. Ұлы Отан соғысының қисапсыз хикаяттары, жанкештілік өмір мен ышқына атылған оқ, халықтың өрлігі мен төзімділігі ұлы дала жонында талай буынның ескірмейтін естелігіне айналды. Сондай қиын өткелден өткен бүгінгі тәуелсіздік жасыған жігеріңді қайрақтай жанытып, ұлттық бірлікті нығайтты. Отанды сақтау үшін отбасын сақтап қалу керек. Сонда ғана ол «адам» деген ардақты атқа лайықты болмақ. Орайы келгенде айтпағым, П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінің бір топ ұстаздары мен мектеп басшысы Абашова Айнұр Құрманғазықызы 2023 жылдың 4 мамыры күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіп, бастаған істерінің нәтижелілігін қорытындылап қайтты. Олар ерлік елеусіз қалмасын деген мақсатта А.К.Давыденко, Е.М.Берестова, К.Қ.Сәрсенбаева сынды Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген тыл ардагер-ұстаздарымен кездесті. Ұжым атынан мектеп директоры Абашова Айнұр Құрманғазықызының және Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Абай Мәженовтің бастамасымен ардагер- ұстаздарға сый-құрмет көрсетілді. Жылы лебіздерін білдірген ұжым ардагерлерге дендеріне саулық, отбастарына амандық тіледі...