Бүгін мектебімізде 7 Мамыр -Отан қорғаушылар күні мен 9 Мамыр -Жеңіс күніне арналған мерекелік кеш өткізілді.
Мерекелік кешке қатысушы жас жеткіншектеріміз ерлік пен жеңістің қадірі мен қасиетін айқындайтын жыр жолдары мен әннен шашу шашып, би биледі.
Шара барысында мектеп директоры А. Абашова мектеп ұжымы мен оқушыларды мерекемен құттықтап, оқушыларды алғыс хатпен марапаттады. Ұлы ерліктің ерен ерлігі жыл өткен сайын өз мазмұнын тереңнен аша түсетінін айтып өтті.