Экологиялық білімді жетілдіру мақсатында 2022 жылдың 12 қазанында мектеп тәлімгері Жұмай Меруерттің ұйымдастыруымен «ЕСО ALEM» эко-ойыны өтті. Ойын барысында оқушыларға эко-макет таныстырылып, экологиялық апаттар туралы мәлімет берілді.
Эко-ойынның мақсаты: оқушыларға экология туралы кеңінен білім беріп, табиғатты аялауға шақыру. Қалдықтарды дұрыс сұрыптауға үйрету, қайта өңделетін қалдықтар туралы, сұрыптаудың жолдарын және экологиялық зиянды заттар жайлы мағлұмат бере отырып қоршаған ортаны таза ұстауға баулу.
Ойынға 7 «А» сынып оқушылары белсене қатысып, экология туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп, сурет салды.