22 қыркүйек күні П.Д. Осипенко атындағы №8 орта мектебінде ерекше апталықтың шымылдығы түрілді – «Ғылым. Ізденіс. Жетістік» Бұл апталық жас ізденушілерге жаңа білім мен тәжірибе сыйлап, цифрлық технологиялардың ғылымға әсерін түсінуге жол ашады. Мектеп директоры Айнұр Құрманғазықызы жылы лебізін білдіріп, жас ғалымдардың жетістіктерін мақтанышпен атап өтті. Апталықтың соңы – магистр ұстаздар мен оқушылардың шығармашылығына толы мерекелік іс-шарамен жалғасты.