Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Д.Қонаев 25
8-7242-27-80-04
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебі
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебі» КММ
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/osipenko8.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі заманғы тәсілдері мен ерекшеліктері»

П.Д.Осипенко атындағы № 8 орта мектебінде 2025 жылдың 04 ақпанында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Есетованың ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі заманғы тәсілдері мен ерекшеліктері» тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді. Семинарға С.Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейінің арнайы маманы Туйгынбаева Ботагоз Максатовна қатысты.

Семинар мақсаты: Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, мұғалімдер мен арнайы мамандардың жұмыс бағыттары мен міндеттері төңірегінде тәжірибемен бөлісу, әдістемелік көмек алу.

Арнайы маман Ботагоз Максатовна инклюзивті білім берудің мақсат-міндеттерін түсіндіре отырып, мұғалімдерді басшылыққа алынатын нормативті құжаттар мен арнайы сайттарды таныстырды. ЕББҚ оқушылармен сабақ өткізу барысында пайдаланатын КТП және ҚМЖ жасау, сабақ мақсаттарын дұрыс жоспарлау, оқушыға берілетін тапсырма бағыттары, БЖБ және ТЖБ құрастыру жолдары түсіндірілді.

Семинар барысында мұғалімдер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, арнайы маманнан әдістемелік көмек ала отырып, алдағы жүргізілетін жұмыстарымен тәжірибе алмасты.