Полина Денисовна Осипенко атындағы 8 орта мектебінде терроризмге қарсы "Қалқан-2023" эвакуациялық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығуға Қалалық білім бөлімінің теолог маманы Мақсат Орынбаев қатысты Оқу жаттығу "ДАБЫЛ"! "ДАБЫЛ"! "ДАБЫЛ"! сиренасы қосылу арқылы басталды. Мектеп ғимаратындағы оқушылар, мұғалімдер, қызметкерлер эвакуациялық нұсқаулықтарды ескере отырып, жылдам ғимарат аумағынан «қауіпсіз аймаққа» шығарылды.