«Мұғалім машықтанған жұмысын
ғана істей білетін жәй шебер емес,
шығарғыштық қуаты бар өнерпаз екенін ұмытпасын» Жүсіпбек Аймауытұлы
П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінде 2022 жылдың 28-02 желтоқсан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері ашық сабақ алаңында кездесті.
Мақсаты:
-бала қабілетінің сұранымына қарай ынтымақтастықпен жұмыс жасау;
-білім алушылардың қажеттіліктерін өтеу;
-фунционалдық сауаттылықтарын арттыру;
-қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері арасында өз тәжірибелерімен бөлісу арқылы кәсіби шеберліктерін жетілдіру.
Оқыту барысының нәтижелігі, жемісті болуы әдістерге байланысты.Ыбырай Алтынсарин: «Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе- ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде»,- деген екен. Осы орайда, ұстаздар қауымы өз сабақтарында «Өзіндік ойын», Қораптағы сүйікті оқушымның фотосы», «Үш дәлел», «Көршіңе бір пікір», «5-5-1» және «Еркін жазу» әдістері сияқты ең тиімді, нәтижелі деген түрлерімен жұмыс жасады.Бұл әдістер оқу мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік туғызған.Сондықтан өзіндік ойлау, өзіндік пікір қалыптастыру үшін жеке, жұптық, топтық жұмыс орындаудағы тапсырмалар бағалау критерииі мен ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес келген.
Кері байланыстар «Каһооt», «QR код» секілді платформалармен ұйымдастырылып, қорытынды жасалды.
