Полина Денисовна Осипенко атындағы 8 орта мектебінде 15 ақпан 2023 жылы 8-11 сынып оқушылары арасында "Синтетикалық есірткінің таралуы және дәріханалық нашақорлық проблемалары туралы" бейне дәрістері көрсетілді. Талдау барысында оқушылар синтетикалық есірткілерді тұтынудың ауыр салдарын және орталық нерв жүйесіне әсер ететінін білді. Адам ағзасында әртүрлі аурулар тудыратынын түсінді. Сондықтан салауатты өмір сүру үшін темекі шегу, есірткілерді қолдану, алкогольді өнімдерді пайдалану өмірге зиянды заттар екенін ұғынды. Ол заттар жасөспірімдерді әр түрлі құқық бұзушылыққа апаратынын сезінді. Бейне дәріс оқушылардың салауатты өмір сүру, рухани- адамгершілік және құқықтық білімдерінің артуына әсері мол болды. Құқықтық фракция жетекшісі: Мәжинов Абай.