Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Д.Қонаев 25
8-7242-27-80-04
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебі
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебі» КММ
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/osipenko8.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Елімізде жыл сайын көпшілікке аты мәлім болған азаматтардың мерейтойы кең көлемде аталып өтіледі. Сондықтан биыл қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының тарихында ерекше орын алатын кемеңгер ақын, ілімнің негізін қалаушы, күншығыс елдері мұсылмандарының рухани шырағы болған ойшыл, діни қайраткер Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл толғанын естен шығарған жоқпыз. Тиісінше, бүгінгі іс- шарамыз есімі түркі халқының рухани астанасы Түркістанмен егіз ұғымға айналған қазақ жерінің даңқты перзенті жайында болды. 5,6 - сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Қожа Ахмет Яссауи туралы аңыз" тақырыбында көрініс қойылды.

Мақсаты: Ойшылдар еңбегіне, мұраларына құрмет сезімдерін қалыптастыру және адамгершілікке тәрбиелеу.

Оқушылар Қожа Ахмет Яссауидің "Диуани хикмет" атты екі әлемнің де мән- жайын сипаттайтын туындысынан хикметтерді жатқа айтты. Күллі түркі тілдес халықтарды әлеуметтік- саяси, даналық ойымен тамсандырған Ахмет Яссауи кейінгі ұрпақтың жүрегінен орын алып, ғасырдан- ғасырға жететіні сөзсіз. Іс- шара мерекелік көңіл-күймен аяқталды.