19- қазан күні Облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен “Этюд” кескіндеме, "Дизайн Арт" студиясы аясында балалардың шығармашылығын дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыру мақсатында ,өнер бөлімінің ұйымдастыруымен шара ұйымдастырылды.Аталған шараға қала мектептерінің 4-7 сынып оқушыларының қатысуымен “Күзгі фантазия” атты сурет байқауы өтті. Байқауға мектебіміздің 6-б сынып оқушысы Мухаммед Нұртілек қатысып,белсенділік танытып, өнер көрсеткені үшін алғыс хатпен және кітапхананың арнайы сыйлығымен марапатталды.