Әл Фараби дарынды оқушыларды «Тәңірдің құты» деп атаған. Дәл осылай «Тәңір құтына» теңелген шәкірттер сөз қазынасы мен ой маржанын, тұңғиық білімнің тұтқасын, ұстаз үйреткен тәлімді қойын дәптерлеріне ұялатып, зерделі білімдерін дәлелдеп-ақ келеді. 10 ақпан күні сол жағалаудағы Жастар орталығының төрінде «Samruk KIDS» орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ әдебиеті» пәнінен өткізілген қалалық байқаудың нәтижесі жарияланды. Яғни, додада дараланған П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінің қос шәкірті Пердебай Айдана мен Абжәми Інжу ІІ орынның марапаттарына ие болды. Жетекшісі Демеуова Гүлхан Қасқырбайқызы. Алғысқа бөленген шәкірттерге «табандылықтың жолынан таймасын,сондай-ақ, асқан белсенділікпен мақсатқа жетуде әлі талай дәлелдер»,- деген игі тілек білдіреміз!