ҰЛАНЫМЫЗ ҰЛЫ ЕЛДІҢ
Желтоқсан айының он екінші жұлдызында П.Д.Осипенко атындағы #8 орта мектебінде "Ұланымыз ұлы елдің" атты "Жас ұлан" патриоттық ұйымына қабылдау өтті.
Мектеп тәлімгері Жұмай Меруерт Оралбайқызының ұйымдастыруымен өткізілген қабылдауға 5-сынып оқушылары қатысты. Салтанатты шарада ұланбасы Дүйсен Зейнұр рапорт тапсырып, сахнаға ту кіргізіліп, оқушылар әнұран шырқап, ант қабылдады.
Қабылдауға келген ардақты ұстаздар мен 11-сынып оқушылары галстук тағу рәсіміне қатысты. Іс - шара өте жоғары деңгейде өтті.