Мектебімізде 16 – 20 қаңтар аралығында «Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты математика,физика және информатика апталығының ашылуы болды.
Апталықтың мақсаты:
• Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты – мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру;
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
• Математикаға, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру;
Іс – шарамызды 8 а сынып оқушысы Ибрагим Бейбіт «Адай» күйімен ашып берді.Іс шара барысында оқушылардың ой өрісі мен шығармашылық қабілетін, ізденіске құштарлығын дамыта отырып, өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануға, апталыққа белсене қатысуға шақырды.
Апталықтың алғашқы күнінде Математика пәні мұғалімі А.Омарбаева «Қысқаша көбейту формуласы» тақырыбында 7 «б» сыныбына ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызықшылығын арттыру. Шығармашылық қабілетін, ізденіске құштарлығын дамыту. Іс шара барысында оқушылардың ой - өрісі, математикаға деген қызығушылығы артты. Тәуелсіз еліміздің ұрпақтарына лайық шығармашылық қабілеті дамыған, өзін – өзі басқаруға, өз мүмкіндіктеріне сенуге бағыттала отырып, іс- щара өз мақсатына жетті.