Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінің ұйымдастыруымен, педагогтерге ««Lesson Study» әдісінің тиімділігі мен оқытудағы пайдалану жолдарын түсіндіру» тақырыбында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін бағыт-бағдар беру мақсатында «Өрлеу БФҰО» АҚ Қызылорда облысы Кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі – Ешимова Ұлтай Закірқызы дәріс оқып, педагогтерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семинар өз деңгейінде ұйымдастырылып, педагогтердің сұрақтарына жауап беріліп, пікіралмаса отырып, қорытындыланды.