“Ұлыстың ұлы күні - Наурыз” мейрамын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс шара жоспары аясында 19 наурыз күні “Қош келдің,әз Наурыз “ атты мерекелік іс - шара ұйымдастырды. Шара барысында ұлттық қол өнер көрмесі, ұлттық кітап көрмесі, ұлттық аспапта күй ойнау өнері дәріптеліп, “Тұсау кесер” және "Бет ашар" тойынан үзінді көрсетілді. Сонымен қатар “Ұлттық тағамдар” байқауы ұйымдастырылып “Қайсасы”, “ Үлпіршек” тағамдарының жасалу жолы түсіндіділді. Ұлттық құндылықтарымызды қадірлей білейік.