Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Д.Қонаев 25
8-7242-27-80-04
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебі
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебі» КММ
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/osipenko8.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
І облыстық форум
2022 жылдың 4 қарашасы күні ​Облыстық білім басқармасы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ұйымдастыруымен «Мамандығым - болашағым» атты І облыстық форум өтті.
Форумға қала, облыс аймақтарынан мектеп директорының бейінді орынбасарлары да қатысып, құнды ақпараттар алдық.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бейнебайланыс арқылы болашақтың мамандықтарына сұраныстың артып отырғанына тоқталды. Болашақта мемлекеттік грант әр өңірдің сұранысына сай бөлінетін болады, мемлекеттік тапсырыс өңірлік тапшылықты қажетті маманмен толықтыруға бағытталады деді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректор Бейбіткүл Кәрімова биылғы талапкерлердің таңдаған мамандықтарына шолу жасады, мектептегі кәсіби бағдар беру бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын баса айтып өтті.
Жиында Кызылорда облысының Білім басқармасының басшысы М. Шермағамбет білім беру ұйымдарындағы кәсіптік бағдар беру жұмысын бітіруші сыныптарда ғана емес, бастапқы сыныптан жүргізу арқылы мамандық таңдауға ықпал жасау қажеттілігіне тоқталды. Оқушы бейініне сәйкес болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына ата-аналардың да жауапты екенін атап өтті. Оқушыларға кәсіби бағдар беру дұрыс жолға қойылса еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар игеріліп өңір экономикасына оң әсер ететін түсіндірді.
Университет рекрутинг орталығы басшысы Жандос Оразмаханов мамандық таңдаудың лайфхактарымен таныстырды.
Форум жоғары деңгейде өтті, алдағы уақытта бірлескен шаралар жалғасын табары сөзсіз.