П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінде Ұлт зиялысы, Алаш қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына - 130 жыл толуына орай 5 -10 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Ақынның өмір жолы мен жазушылық қызметі туралы оқушылардың алған мағлұматтарын толықтыру, ізденіс жұмыстарына баулу, адамгершілікке, тілімізді құрметтеуге, әдебиетті сүюге, сұлулыққа құштар болуға тәрбиелеу.
Сынып сағатында ұлт зиялысының өмір жолы, шығармашылығы оқушыларға таныстырылып, бейнероликтер көрсетіліп, топтық жұмыстар жүргізілді.