«Жас Ұлан» патриоттық ұйымының жылдық жоспары аясында қаңтар айының жиырма жетісі күні мектеп тәлімгері Жұмай Меруерт музей сағатын ұйымдастырды.
Мақсаты: жергілігікті музейлер мен ынтымақтастықта музей сағаттарын өткізу. Оқушылармен бірге облыстық және қалалық музейлерге экскурсия жасау.
Облыстық музейде өткізілген музей сағатына 5 «Б» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Жиренбай Әйгерім қатысты. Музейге экскурсия барысында оқушылар туған өлкеміздің тарихымен, тарихи тұлғалардың еңбек жолымен танысты. Сонымен қатар, музейге экскурсия кезінде балалар қызықты аңыз әңгімелер тыңдап, түрлі сұрақтарға жауап алып, естелік суретке түсті.