Наурыз - көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлық мерекені мектепте атап өтудегі басты мақсат - салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл - бала тәрбиесіндегі басты қағида. Осындай игі іс-шара П.Д.Осипенко атындағы 8 орта мектебінде де болып өтті. Бастауыш сынып 4 «Б» сыныбында «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушыларымыз ат салысып қатысты.
{gallery}it/11{/gallery}