Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Д.Қонаев 25
8-7242-27-80-04
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебі
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебі» КММ
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/osipenko8.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Бүгін #8 П.Д.Осипенко атындағы орта мектепте МИФ апталық аясында өткізілген жас мамандарға арналған "Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер" атты коучинг болып өтті. Ең алдымен, жас мамандар шеңбер құрып, жағымды ахуал туғызу үшін әрбір мұғалімнің жақсы қасиеттерін әр мұғалім өз аттарының бас әріптеріне сәйкес сөзді тауып айтады. " Тәтті қалта" әдісі арқылы 3 түрлі тәттілерді таңдау бойынша 3 топқа бөлінеді. "Маған айтып берсең - ұмытып қалармын; Көрсетіп берсең - есте сақтармын; Өзіме жасатсаң - үйреніп алармын" деген Конфуцийдің сөзімен басталып, жас мамандарға "10 сөз", "Әткеншек" және "Пазл" әдістері көрсетілді. Сондай-ақ тарих және ағылшын пән мұғалімдеріне арналған google карта арқылы әр елдегі тарихи ескерткіштер мен ғимараттарды көруге болады. Сабақты бекіту ретінде "Өрмекші торы" әдісі ретінде жас мамандар шеңбер құра отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, түйген ойларын өз сөздерімен жіпті бір - біріне беру арқылы жүзеге асырылады. Сабақ соңында рефлексия жүргізіледі. "3 2 1" стратегиясы арқылы жас мамандар бес саусақтың суретіне 2 қызықты ұнаған әдісін, 2 өзінің білетін әдісін және білгісі келетін 1 сұрақ қою арқылы жазылған саусақтарды күнге күн сәулесінің шашып тұрған шуақтары қылып жапсырады. Сабақ соңын көңілді күн шуағымен аяқтайды. Бұл коучингке жас мамандар өте белсенді ат салысты. Болашақта жас мамандардан болашақ жастар үлгі алатын білімді де, тәрбиелі мықты ұстаз шығатынына кәміл сенеміз.