П.Д.Осипенко атындағы 8 орта мектебінде 2024 жылдың 18-22 қараша аралығында мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес бастауыш пән бірлестігінде ашық сабақтар өтілді. Ашық сабақтардың өткізілу мақсаты: оқушылардың пән бойынша білімдері мен пәнге қызығушылықтарын, ЕББҚ бар балалардың ынталарын,даму ерекшеліктерін,пән мұғалімдерінің әдістемелік-шығармашылық ізденістерін бақылау.
Сабақтар барысында білім алушылар тақырыпқа сай жүйелеген тапсырмаларды топтық, жұптық, жеке жұмыстарды «Креативті кітапша», «LearningAPPs», «Word wall»,«Боулинг», платформалары арқылы орындады.
Сабақтар өткен сабақпен, өмірмен және пәнаралық байланыста болды. Сабақтарда тілдік тыңдалым, айтылым, оқылым,жазылым дағдылары қамтылды.