Саяси науқанға алғашқылардың бірі болып дауыс берген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Дүйсенбаев Серік Әбішұлы қарияларымыз өз таңдауын жасап,үлкен белсенділік танытты. Маңызды науқанға байланысты өзінің ой-пікірін білдірді.
«Бүгінгі күн - мемлекетіміздің болашағын айқындайтын аса маңызды тариxи сәт. Біз ортақ болашағымыздың дамуы үшін дауыс береміз. Алдымызда мемлекетімізді алға одан әрі жетелейтін ауқымды міндеттер тұр. Әрбір азаматтың өз таңдау құқығы бар. Барша қызылордалықтарды өз Конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруге шақырамын. Дамудың даңғыл жолы үшін әр азамат болашақты таңдау құқығынан қалыс қалмауы қажет», - деді Серік Дүйсенбаев.
Сонымен бірге еліміздің келешегі жарқын болғанын, қуатты мемлекет болып танылуын қалайтын жас буын, алғашқы дауыс берушілер де өз үлестерін қосуда.